Келушілерді тұрақты жазылушыларға немесе сатып алушыларға айналдыратын сайт керек пе? «ABC Design» ЖШС-не қош келдіңіз! Веб-студияның жоғары технологиялық инфрақұрылымы, Google Adwords бойынша сертификатталған ұжымы және жұмыстың мінсіз сапасы — Сізбен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың кепілі.
Бізге кәсіби мамандар сенеді!
Қалыптасу және өсу жылдарында компаниямыз әдемі сайттар жасауды ұнататын жас энтузиастар командасынан Астанадағы ең үздік веб-студияға дейінгі жолдан өтті. Біз кез келген күрделіліктегі интернет-жобаларды сенімді орындайтын компания ретіндегі беделімізді мақтан тұтамыз. Жұмыстың сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты тапсырыс беруші алдындағы жауапкершілігіміз ел ішінде де, шетелде де лайықты бағаланды. «ABC Design» ЖШС — Google корпорациясының ресми серіктесі және Қазақстан Республикасындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің кеңесшісі.
Сіздің бизнесіңіздің өркендеуі үшін бәрін жасаймыз.
ABC Design командасы 2011 жылдан бері жұмыс істейді. ЖШС 2013 жылы тіркелген. Веб-дизайн, бағдарламалау және интернет-маркетингтің ең жаңа технологияларын қолдана отырып, Астанада сайт жасау жұмыстарының толық циклін орындаймыз:
- елорда мен өңірлердегі мыңдаған кәсіпкерге бизнесін бастауға көмектескен, контенті мен инфографикасы мұқият ойластырылған визитка-сайттар немесе landing page беттері;
- фирмалық стиль қатаң сақталған, иелеріне пайда әкелетін және іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал ететін премиум-дизайндағы корпоративтік сайттар;
- бүкіл ел аумағында сатылымды жандандыруға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕврАзЭС) мүше мемлекеттердің нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін қажетті функциялары бар интернет-дүкендер;
- шағын смартфоннан үлкен планшетке дейінгі әртүрлі экраны бар құрылғыларды қолданатын миллиондаған пайдаланушы ыңғайлылығы мен әмбебаптығын бағалаған сайттардың мобильді нұсқалары.
Неліктен бізге жүгінген жөн?
Тапсырыс берушілердің бәрі жұмыстың сенімді орындалуын және мінсіз сапасын бағалайды. Ешкім артық төлегісі келмейді. Біз клиенттерге әрдайым түсіністік танытамыз және олардың көпшілігінде бейіндік білім жоқ екенін пайдаланып, «қалтасын қағуды» мақсат етпейміз. Бүгін де, ертең де, әрқашан да ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі — қарапайым әрі түсінікті тілде мінсіз құрылған қарым-қатынас. Біздің клиенттеріміз мыналардың не екенін түсінеді:
Адалдық
Тұрақты клиенттерге арналған жеңілдіктер мен адалдық жүйесі.CMS баптау
Сүйемелдеу барысында CMS орнату және баптау.Бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету
Интернет-маркетингтің барлық түрі бойынша кешенді қызмет көрсетеміз.Кәсібилік
Сайттарды толтыру кезіндегі кәсіби копирайтинг пен SEO оңтайландыру.Мінез-құлық факторлары
Google.Analytics пен Яндекс. Метрикадағы пайдаланушылардың мінез-құлық факторлары — ілгерілету стратегиясының негізі.Таза код
Интернет-ресурстарды жобалаудың негізінде «таза код» пен премиум-дизайн жатыр.Пайдалы ақпарат
Өтінім қалдыру