ABC Design / БАҚ біз туралы / «Қазақстан» телеарнасына сараптамалық сұхбат

«Қазақстан» телеарнасына сараптамалық сұхбат

Жарияланған күні:

2020 жылғы 4 желтоқсандағы сұхбат.

ABC Design — Қазақстандағы жетекші IT компаниясы. Біз жоғары технологиялар әлеміндегі көптеген оқиғаға тұрақты түрде сараптамалық баға беріп, пікірімізді білдіреміз. Жақында «Қазақстан» телеарнасы бізге жүгініп, QR-кодқа қатысты жағдайды түсіндіруді және бұл технологияның қалай жұмыс істейтінін айтып беруді сұрады.

2020 жылы компаниялар барынша көп ақпаратты барынша ықшам форматта жеткізуге ұмтылған кезде QR-кодтартанымал болды. Олардың көмегімен бизнес иелері және кез келген адам кез келген ақпаратты код ішіне шифрлай алады. Кодтың ерекшелігі — кез келген заманауи смартфон оны кәдімгі камера арқылы оқып, сілтемеге немесе визиткаға бағыттайды.

Негізінде бұл — телефонға арналған арнайы форматта шифрланған сілтеме. Бірегей кодқа камераны бағыттағанда, осы сілтемеге өту функциясы іске қосылады. QR-кодты жақсы ниетпен де, жаман ниетпен де пайдалануға болады.

Осының бәрі туралы сұхбатымызда толығырақ айтылған. Көріп ләззат алыңыз!

«Қазақстан» телеарнасына сараптамалық сұхбат
Жоғары көтерілу