Жарияланған күні:
Әр салада өз ісінің білгірі бар. Ол жай ғана кәсіби маман немесе шебер емес, пікіріне құлақ асып, үлгі тұтатын аңыз адам. Біздің «ABC design» студиямыз Астанада сайт әзірлейді және Сіздерді веб-дизайн саласының алғашқы өкілі, былайша айтқанда «әкесімен» таныстырғымыз келеді. Оған сүйсінуге де, оны жек көруге де болады, бірақ бейжай қалу мүмкін емес. Танысыңыздар: Артемий Андреевич Лебедев, немесе «Тёма», сондай-ақ «Самизнаетекто». Ол — посткеңестік кеңістіктегі ең танымал веб-дизайнер. Ресми тіркелген тауар белгісі болып саналатын «Студии Артемия Лебедева» негізін қалаушы. Елді елең еткізетін қылықтарымен, ерекше ойлауымен, көп балағат сөз қолдануымен және дизайндағы ғажайып талантымен танымал, сол үшін оны «Бүкіл Рунеттің дизайнері» деп атаған. Сонымен қатар кәсіпкер, өнертапқыш, саяхатшы блогер, «Ё» әрпін жақтырмайтын адам және 10 баланың әкесі. Бірақ бәрін ретімен айтайық.

Лебедев алғашқы қабілеттерін ерте жастан танытып, сыныптастарының аты-жөнінің алғашқы әріптерінен логотиптер ойлап табатын. Осы салада дамуды шешіп, танымал кітап иллюстраторларының бірі Аркадий Троянкерден сабақ ала бастады. Әлеуеті зор, білімі мол Тёма 1995 жылы «WebDesign» деген веб-студиясын ашты, кейін ол «Студии Артемия Лебедева» болып өзгертілді. Алғашында компанияның жалғыз қызметкері өзі болып, тапсырыстарды үйінде қабылдайтын. Талант пен еңбекқорлық ұштасқанда, студияның ең ірі веб-дизайн компаниясына айналуы түсінікті еді, ал ол «мен еңбекқор емеспін, жай ғана үйге қайтуға ерінемін» деп жауап беретін. Microsoft, Яндекс, Ресей Орталық банкі, Procter & Gamble сияқты ірі ұйымдармен ынтымақтастығы, Мәскеу, Пермь, Одесса қалаларының логотиптерін әзірлеуі және көптеген басқа ірі жобалар соны дәлелдейді. Біздің «ABC Design» студиямыз Астанада ауқымы кем түспейтін кәсіпорындарға сайт әзірлейді және сайт жасау мен ілгерілету қызметтерін ұсынуға дайын.
Артемий Лебедев — Оптимус пернетақтасының өнертапқышы, сондай-ақ әмбебап «үй» пиктограммасын жасау идеясы да оған тиесілі (бұл сайттың басты бетіне апаратын сілтеме). Тёма Яндекс ТОП-ында жетекші орын алатын «Живой журнал» блогымен де көпшілікке танымал, онда шамамен 6000 жазба мен 3 млн пікір бар. Ол «Ководство» жобасын жасаған, онда кәсіби тәжірибесін таныстырып, дизайн саласында кеңес береді. Әлемнің барлық еліне барған әуесқой саяхатшы. Басқа елдер көшелерінің сәулеті мен дизайнын зерттеп, пікірін жазбалар түрінде танымал блогында жариялайды.
Танымалдығы мен беделі артқан Артемий Лебедев бірқатар қоғамдық дауға қатысты. Мысалы, «Аэрофлот» компаниясы оның блогында кәсіпорындағы ұрлық туралы жазба жариялап, іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа жүгінді. Сондай-ақ патриарх Кириллдің фотосын қолданған «фотожаба» байқауын жариялап, діндар адамдардың сезіміне тиіп, кезекті дауға себеп болды. Лебедевке қастандық жасалып, оқ жарақатымен ауруханада жатқаны туралы ақпарат та тарады, бірақ ол мұны «жалған хабар» деп жоққа шығарды.
Дегенмен Артемий барлық қылығын «керемет PR акциясы» деп санайды. Біз онымен дауласпаймыз. Кез келген жағдайдан өзіне пайда табу үшін шынымен айқын талант қажет. Лебедев туралы барлық деректі қорытсақ, оны веб дәуірінің жарқын тұлғасы ғана емес, оның тірі бейнесі деп атауға болады.
Артемий Лебедев студиясының ұраны: «Ұзақ. Қымбат. Керемет...», оған өзімшілдігі кем емес танымал Олег Тиньков: «Қымбат және керемет... ұзақ» деп жауап берген. Бірақ бұл — өз империясын құрған ерекше адам туралы бөлек мақалаға лайық мүлдем басқа әңгіме. Ал біздің Астанада сайт жасайтын «ABC Design» студиямыз осындай ұлы адамдардың өмірбаянын зерттеп, шабыт пен ынта алады. Біз үнемі дамып, веб-дизайндағы жаңалықтарды зерттейміз және ең сапалы қызметтерді ұсынуға дайынбыз. Ұранымыз: «Сапалы. Уақтылы. Керемет».