ABC Design / Мақалалар / Веб-студияны нөлден қалай құруға болады
Султан Маликов
Мақала авторы
CEO ABC Design
Интернет-маркетинг саласында 10 жылдық тәжірибесі бар маман, жобалар жетекшісі, IT және бағдарламалау саласының сарапшысы.
Менің әлеуметтік желілерім:
Бөлісу

Жарияланған күні:

Веб-студия деген не

Бүгінде «веб-студия» терминіне ұқсас көптеген атау бар: веб-агенттік, digital агенттік, веб-дизайн студиясы және т.б. Дәл осылай сайт жасауменбайланысты қызметтер көрсететін компанияларды атайды. Яғни веб-студия — сайттарды жасайтын, ілгерілететін және қызмет көрсететін компания. Веб-студиялар кешенді де, тар бағытта маманданған да болады. Толыққанды әрі ауқымды компаниялар көбіне өздерін digital агенттік деп атайды.

Веб-студияға команда қалай жинау керек

Білікті ұжым — веб-студияның негізгі құндылығы. Біліксіз команда студияңызды іштен тез қиратады, ал керісінше, кәсіби әрі жауапты ұжым мүшелері не істеу керектігін өздері біледі және оларды үнемі бақылап, «төбесінен төніп» тұрудың қажеті болмайды. Басты сұрақ — осындай сенімді команданы қайдан табуға болады.

Веб-студиямыздың қалыптасуы барысында командамыздың шын мәнінде маңызды бөлігіне айналған мамандарды сәтті таңдаған кездеріміз де, ұжым жинаудағы қате кадрлық шешімдеріміз де болды. Осындай тәжірибенің нәтижесінде компания саясатына сәйкес мамандарды іздеудің өз әдістемесі қалыптасты. Сондықтан жас әрі жаңадан басталған студияға алыс сапарға сенімді аттануға болатын дұрыс команданы таңдау өте маңызды.

Веб-студияны нөлден қалай құруға болады

Сондай-ақ кадр іздегенде қолданатын кейбір ұсынымдарымызбен танысуды ұсынамыз:

  • Мамандарды тек тексерілген алаңдардан іздеу, арзан хабарландыру тақталарын пайдаланбау
  • Жұмыс тәжірибесіне, адамның алдыңғы жұмыс орнында қанша жыл жұмыс істегеніне қарау.
  • Жас. Тым жас немесе тым үлкен жастағы үміткерлерді таңдамаған жөн. Жастар жұмысқа жеңіл қарауы мүмкін, ал жасы үлкен адамдар жас ұжымыңызбен тіл табыса алмауы ықтимал.
  • Білім — әлеуетті үміткердің қандай білімі мен біліктілігі барын қараңыз.
  • Портфолио — дизайнер және беттеуші сияқты мамандарды таңдаудағы аса маңызды фактор.
  • Алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар мен алғыс хаттар.

Жоғарыда үміткерлердің түйіндемесін іріктеудегі бастапқы факторлар ғана берілген. Бұдан бөлек, сұхбат өткізу және оның нәтижелері бойынша тағылымдама тағайындап, адамды жұмысқа қабылдау маңызды.

Әдетте компаниямыздағы қызметкерлердің көпшілігі маманның біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне байланысты сынақ мерзімінен өтеді. Ұсынымдарымыз, әрине, тек кеңес сипатында; кез келген жағдайда адамдарды жеке тәсілмен таңдауды кеңес етеміз. Веб-студияда жұмыс істейтін адамдардың орташа саны әдетте 2-ден 6 адамға дейін болады. Олардың арасында міндетті түрде веб-әзірлеуші, дизайнер және жобаларды жүргізетін адам болуы тиіс. Ірі студияларда қызметкерлер саны көбірек, сондай-ақ SEO маманы, маркетолог, back-end бағдарламашысы және SMM маманы сияқты қосымша мамандар бар. Негізінде, барлық маман өнімді жұмыспен айналысса, қызметкерлер саны шексіз болуы мүмкін. Ал веб-студияда өнімді жұмыс пен бизнес-үдерістерді ұйымдастыру — жеке үлкен тақырып.

Веб-студияға кеңсені қалай таңдау керек

Веб-студиялар әдетте кеңселерде орналасады, бірақ кейде компаниялар коворкингтерді, бизнес-орталықтардағы орындарды жалдайды, сирек жағдайда өз ғимаратында жұмыс істейді. Веб-студия жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан кеңсені алғаш таңдасаңыз, жұмыс барысында түсінген бірнеше маңызды жайтты ескеруіңіз керек.

Сонымен, digital компанияға кеңсе іздегенде неге назар аудару керек:

  • Интернет. Команданың тиімді жұмыс істеуі үшін тұрақты кеңжолақты интернет қажет, сондықтан жылдамдық тапшылығын сезінбеу үшін оптикалық интернеттің бар-жоғын және оны қосу мүмкіндігін міндетті түрде сұраңыз. 
  • Баға. Әрине, ең қиын кездерде де оңай төлей алатын жалдау бағасы болуы өте маңызды.
  • Маңдайша. Маңдайша ілу мүмкіндігі болса — тамаша. Сыртқы жарнама компания үшін өте маңызды. 
  • Көлік тораптарына қолжетімділік. Қызметкерлеріңіз жұмыстан шыққан соң үйіне жетуі керек. Ол үшін кеңсе жанында автобус аялдамалары мен метро станцияларының болуын қарастырыңыз. 
  • Инфрақұрылым. Жұмыс күндерін жайлы өткізуге мүмкіндік болуы үшін кеңсеге жақын жерде кем дегенде бірнеше дүкен мен кафе болғаны жөн.
  • Көршілер. Пәтер таңдағандағыдай, көршілеріңіз кім болатынын, жаныңызда қандай ұйымдар орналасқанын мұқият қараңыз.
  • Жөндеу. Қызметтеріңізді жоғары бағамен сата алуыңыз үшін кеңсе беделді көрінуі тиіс.

Веб-студия ашуға кететін шығындар

Сайт жасайтын компания ашу үшін құрылыс немесе өндірістік компаниядағыдай миллиондар қажет емес, бірақ бірқатар шығын бәрібір болады. Шығындар, өзіміз білетіндей, тұрақты және ауыспалы болады. Негізгі тұрақты шығындарға жалдау, жалақы, маркетинг және шаруашылық қызмет шығындарын жатқызуға болады. Әрине, маркетинг шығындары негізгі болып табылады, сондықтан барынша көп пайда әкелу үшін қандай қызметтер негізгі екенін түсіну өте маңызды.

ABC Design компаниямыз веб-әзірлеу нарығында 9 жылдан бері жұмыс істейді, әрине шығындарымыз жаңадан бастаған компанияға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Төменде бизнес ұйымы ретінде жұмсайтын шығындарымыздың шағын статистикасын келтіреміз:

  • Жалақы шығындары
  • Жалдау шығындары
  • Маркетинг шығындары
  • Кеңсе тауарлары, қағаз, бояу және т.б.
  • Кеңсеге арналған азық-түлік — жемістер, бакалея, сусындар, тәттілер.
  • Пошта қызметтері мен интернет ақысын төлеу.
  • Қызметкерлерге арналған такси мен көлік қызметтерінің ақысын төлеу.

Тізімімізден көріп отырғаныңыздай, шығындар едәуір үлкен, бірақ қажет. Веб-студия жұмысын жүргізгенде әрдайым бюджет құрып, шығындар мен кірістерді жоспарлауға тырысыңыз. Веб-студия — күрделі әрі өзіндік ерекшелігі бар бизнес, сонымен бірге салаға кіру шегі төмен. Егжей-тегжейге назар аударсаңыз, бәрі сәтті болады. Табыс тілейміз :)

Жоғары көтерілу